Accessibility links

Нью-Йоркте БҰҰ-ның Ядролық қаруды таратпау келісімі бойынша конференция ашылды


НЬЮ-ЙОРК: Конференцияға қатысушылар бомбаларды дамытатын ядролық технологияларды тығыз бақылауға шақырды. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан, үкіметтер ядролық қару-жарақтар әлемге қауіпті екенін мойындап, оларды қарусыздандыруға бағытталған шаралар қолдануы тиіс деді. Аннан, сондай-ақ, бірнеше ел аталған келісім шарттарын бұзып жатыр деп мәлімдеді. Сарапшыларды Иран мен Солтүстік Корея елдерінің ядролық бағдарламалары алаңдатып отыр.

Сонымен қатар, бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Пхеньянды Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге қайта оралуға шақырды.
XS
SM
MD
LG