Accessibility links

Кеше Ташкенттегі АҚШ елшілігінің жанында 100-ге тарта адам жиналды


Олар өзбек билігінің хұқтарды аяққа таптап отырғанына қарсымыз деген наразылықпен шыққан. Көпшілігі 1999 жылы билік жекеменшік фирмасын алып қойған фермер Баходир Чориевтің туыстары. Ол өз фирмасының тәркіленгеніне наразылық білдіргені үшін бірнеше рет тұтқындалып, ақыр соңында АҚШ-тан баспана сұрауға мәжбүр болған еді.

Елшілік жанында шатырлар құрып, наразылық танытушылар өз жеке қазыналарының қайтарылуын талап етті, олай болмаған жағдайда Америкадан баспана берілуін сұраймыз дейді. Жиналғандарды таратпақшы болған полицияға наразылық акциясына қатысушылар тас, таяқтар лақтырған.
XS
SM
MD
LG