Accessibility links

Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдары АҚШ-қа оңайға түспей тұр


Осыдан 2 жыл бұрын Тынық мұхитында ұшақ тасымалдаушы кеменің үстінде тұрып, АҚШ президенті Дж.Буш, Ирақтағы ең басты шайқас аяқталды деп жариялаған болатын. Алайда, Ирақтағы көтеріліс әлі толастамай, шамамен 50 мыңдық АҚШ әскері қалды.

Дж.Буштың әкімшілігі соғыс онша қиынға түспейді, АҚШ күштерінің халі жаман емес деп отыр. Бірақ та енді штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы генерал Ричард Майерс АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде:

- АҚШ күштерінің Ирақ пен Ауғанстандағы міндеттемелері Пентагонның өзге жерде басталуы әбден мүмкін, соғыс қимылдарына дайындалу мүмкіндігін шектеп отыр, - деп мәлімдеді.

Өткен аптада Ақ үйде болған баспасөз-маслихатында бір журналист президент Дж.Бушқа “Соғыс қимылдары АҚШ-тың қарулы күштеріне ауыр болып жатыр деп ойламайсыз ба?” деген сауал қойды. Оған президент Ирақтағы соғыс қимылдары АҚШ-тың қарулы күштеріне қол байлау болып отырған жоқ, қарулы күштердің күш-қуаты жеткілікті дегендей жауап қайырды.

Алайда, келіп жеткен хабарға қарағанда, АҚШ-тың қарулы күштерінің штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы Ричард Майэрс мамырдың 2-күні Конгреске басқаша жауап берген. Әлгі хабарға сәйкес, Ирақтағы қиян-кескі шайқастардың салдарынан, басқа маңызды соғысқа араласқан АҚШ күштері әлдеқайда ұзақ соғысатын болады және соғысушы жақтар мен бейбіт халық жағынан адам шығыны тым көп болады деп мәлімдеген. Оның бұл сөзінің мәтінін «Нью-Йорк Таймс» және «Лос-Анжелес Таймс» сынды Америка басылымдары көшіріп басты.

Осы жерде “АҚШ-тың қарулы күштері қаншалықты әлсіреді?” деген сауал туады. Оған бар жауап мынау: штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан жеке меншікті зерттеу орталығы – Қорғаныс ақпараттары орталығының әскери аға сарапшысы Маркус Корбиннің пікірінше, онша әлсірей қойған жоқ.

Оның Азаттық радиосына берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, Америка қарулы күштерінің қуат-қабылеті соншалықты, егер АҚШ Ирақ пен Ауғанстандағы міндеттерін қатар атқара берген күннің өзінде де, ең құрығанда кәдімгі соғыста, оны дүние жүзінің бірде-бір армиясы жеңе алмайды. Алайда, деп ескертеді М.Корбин, Ирақ пен Ауғанстаннан басқа соғыс қимылдарына араласқан жағдайда АҚШ әскері ұзағырақ соғысып, адам шығыны көбірек болуы ықтимал. Оған қоса соғыс алаңында көзге түспейтін басқа да жайттар баршылық, мысалға, қаражат пен ресурстардың жетіспеуі.

- Шынында да бұл екі бөлек мәселе деп ойлаймын, кейбір тұста Сіз шынында да әлсіздікті көріп отырсыз. Тағы да ең басты мәселе - соғыста жеңілу-жеңілмеуде емес, Ирақ пен Ауғанстанды қоса алғанда қарулы күштерді нығайту үшін қанша қаражат пен күш-жігерді жұмсауымыз, міне мәселе осында..., - дейді М.Корбин.

Осыдан 2 жыл бұрын АҚШ-тың Ирақтағы соғысқа терең бойлап кіруі салдарынан, Африканың Либерия еліндегі азамат соғысына араша түсуге Американың әскери ресурсы жетпейді-ау дегендей алаңдаушылық туған-ды. Ақыр соңында президент Дж.Буш Либериядан шетел азаматтарын алып кету үшін теңіз жаяу әскерінің шағын күшін аттандырды.

Бірақ Маркус Корбин, егер Либериядағы жағдайға кеңінен араласқысы келсе бірлескен елдердің қабылеті оған жетіп артылатынына өзінің ешқашан күмән келтірмегенін айтады. Оның пікірінше, Дж.Буштың әкімшілігі ол жанжалға жай ғана араласқысы келмеді. Джек Спенсер М.Корбинның бұл пікірімен толық келіседі. Дж.Спенсер – Вашингтондағы “Мұрагер” (“Heritage”) Қорының қауіпсіздік әрі қорғаныс талдаушысы.

Азаттық радиосына берген сұхбатында ол Либериядағы азамат соғысы тәрізді оқиғалар АҚШ қарулы күштерінің ішіндегі қиындықтардың табиғатын ашып береді деп мәлімдеді. Дж.Спенсердің пікірінше, генерал Ричард Майэрстің АҚШ Конгресіндегі айтқан сөзінде асып-тасып бара жатқан ештеңе жоқ. Үкімет, деп мәлімдейді талдаушы, қарулы күштерін 2 жерде бірдей екпінді де нәтижелі пайдалана алмайды. Ол түсінікті. Бірақ, деп атап көрсетеді Дж.Спенсер, қарулы күштерді қиын жағдайға жеткізген тағы бір маңызды жайт бар.

Атап айтқанда, “Қырғиқабақ соғыс” аяқталған 90-ыншы жылдары, дейді талдаушы, Американың қарулы қарулы күштерін қаржыландыру қысқартылды да АҚШ жауынгерлері соғыс қимылдарына емес, елді қорғау мен бейбітшілікті сақтауға жаттықты. Бұл, әскерилердің пікірінше, қарулы күштерге лайық міндет емес.

- Үлкен істің” бір бөлігі – бізге жүктелетін көп міндеттің ішінен қазір атқарып жатқан ісімізді абыроймен атқару болып табылады. Оның ең үлкен себебі – қарулы күштерге түскен зор салмақ. Өйткені біз 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейінгі 10 жылда қарулы күштерімізді қаржыландыруды және ресурстарын қысқартумен қатар, Босния мен Косоводағы міндеттерді жүктедік. Міне, осылайша АҚШ армиясы өзінің күш-қабылетін 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін көрсеткен күш болатын, - дейді Дж.Спенсер.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG