Accessibility links

Кеше Бағдадтың оңтүстігінде бомба жарылысында Ирақтың тоғыз солдаты опат болып, кемінде 20 адам жарақат алды


Оның алдында ғана күрдтердің Эрбил қаласында жанкештілік шабуылдан 50 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған болатын.

Ирақтың Ансар әл-Суна қарулы жаугерлік тобы Эрбилдегі бұл жарылысқа өздерінің қатысы бар екендерін мәлімдеді. Эрбил - Ирақтағы күрдтердің екі саяси фракциясының бірі - Массоұд Барзанидің Күрд демократиялық партиясының бақылауындағы қала.

Ирақтың демократиялық жағдайда сайланған үкіметі ант қабылдағаннан бергі бірер күннің ішінде шабуылдар көбейіп кетті.
XS
SM
MD
LG