Accessibility links

АҚШ президенті Ресей басшысына Балтық бойы елдеріндегі басқыншылық жөнінде айтпақ


АҚШ президенті Дж.Буш 9-мамырдағы Мәскеу кездесуінде президент Путинге Балтық бойы елдеріндегі басқыншылық жөнінде айтпақ. Литва теледидарына берген сұхбатында президент Буш «мен Путинге, ол соғыстың соңы Эстония, Литва, Латвияға азаттық әкелген жоқ демекпін» деген.

Ал бұл арада Латвия сыртқы істер министрі Артис Пабрикс, Мәскеу 9-мамыр мерекесін тойлайтын әлемдегі ең дұрыс орын емес деген.

- Мен 9-мамырды батыс елдерінің көптеген басшылары Мәскеуде атап өтетіндігіне таң қаламын. 2-дүниежүзілік соғыстың ең сорақы салдарын мойындамай келе жатқан жерде қалай тойлауға болады? -дейді Латвия сыртқы істер министрі.

Министр Пабрикс өзінің бұл көзқарасын Ресейдің өткендегі тірліктері үшін кешірім сұрауды орынсыз деп есептеген қорғаныс министрі Сергей Ивановтың сөзіне орай айтқан.
XS
SM
MD
LG