Accessibility links

БҰҰ Ауғанстандағы шетелдік көмекші топтардың тағдырына алаңдаулы


Жол жағасында 3 әйелдің өлі денесі табылғаннан кейін, БҰҰ-ын Ауғанстандағы шетелдік көмекші топтардың тағдыры ойландыра бастаған. Ол 3 мәйіт Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан уалаятында жексенбі күні табылған. Анықталғанындай, ол үшеуін алдымен зорлап, кейін асып өлтірген.

БҰҰ өкілі Квентиер, бұл Ауғанстанда жиі кездесетін қылмыс деді. Квентиердің айтуынша, қылмыс орнынан табылған хатта, ол әйелдер халықаралық көмек агенттіктерімен қызметтес болғандығы үшін өлтірілді деп жазылыпты.

- Әдетте әйелдерге орай жасалатын мұндай зорлық-зомбылық әрекеттері анықталмай, қылмыскерлер жазаланбай қала береді. Себебі, ресми әкімшілік қылмыскерді ұстап, әділеттің салтанат құруына ешқандай көңіл бөлмейді, - дейді БҰҰ өкілі.
XS
SM
MD
LG