АҚШ президенті Дж.Буш Нидерландының Маaстрихт қаласына келді, мұнда ол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған мерекеге қатысады. Президент соғыста қаза тапқан 8 мыңдай американдық солдат жатқан қабір басында болып, олардың рухтарына тағзым етеді.
Дж.Буш кеше, Латвия астанасы Ригада болған кезінде, соғыстан кейін шығыс және орталық Европада Совет Одағы үстемдігінің орнауы - "тарихтағы ең үлкен қателіктердің бірі" ретінде есте қалады деп атап көрсетті:
- Біз жеңістің 60 жылдығын тойлап жатқандықтан да, парадоксты да естен шығара алмаймыз. Германия жеңілісінің үлкен бөлігі азаттық әкелгенімен, жеңіс - Европаның орталық және шығыс бөлігіне басқа империяның темір тәртібін орнатты. Европадағы жеңіс фашизмді жойғанымен, өктемдікті жойған жоқ.
Ал сенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Вл.Путин «орыстар - азат етушілер болды» деп атап көрсетті.
Мәскеуге сапары алдында сөйлеген сөзінде Дж.Буш 1945 жылғы Совет Одағы мен АҚШ және Британия арасында жасалған Ялта келісімі тұрақтылық үшін бостандықты құрбандыққа шалып, Европаны бөлшектенуге душар етті деген. Бұл сөздерді Дж.Буш кеше Ригада Балтық елдері басшыларымен кездесуі кезінде айтқан. АҚШ президенті бұл елдердегі жаңа демократиялық дамуды аймақтағы басқа елдер үшін жақсы мысал болады деген де жылы лебізін білдірді.