Accessibility links

ТМД елдерінің басшылары Мәскеуде жиналды


МӘСКЕУ: Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына арналған салтанат болардан бір күн бұрын, бүгін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің басшылары Мәскеуде ресми емес кездесуге жиналды. Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдерінің басшыларын Екінші дүниежүзілік соғыстың сабақтарын есте сақтап, терроризм мен экстремизге қарсы күрес кезінде қырағы болуға шақырды. Ресейдің Грузиядағы екі әскери базаны босатуына байланысты ортақ мәмілеге қол жетпегендіктен, Грузия президенті Михаил Саакашвили бұл басқосуға қатыспаймын деген. Сондай-ақ, Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев те Армения президенті Кочарянмен Таулы Қарабақ мәселесіндегі келіспеушіліктерге байланысты Мәскеу кездесуінен бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG