МААСТРИХТ: Президент соғыста қаза тапқан 8 мыңға жуық американдық солдат жатқан қабір басында болып, олардың рухтарына тағзым етті. Буш бүгін кешірек Ресейге ұшып кетеді. Ол Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған мерекеге қатысады. АҚШ президенті кеше, Латвия астанасы Ригада сөйлеген сөзінде, соғыстан кейін шығыс және орталық Еуропада Совет Одағы үстемдігінің орнауы – “тарихтағы ең үлкен қателіктердің бірі” ретінде есте қалады деп атап көрсетті:
- Біз жеңістің 60 жылдығын тойлап жатсақ та, парадоксты естен шығара алмаймыз. Германия жеңілісінің үлкен бөлігі азаттық әкелгенімен, жеңіс - Еуропаның орталық және шығыс бөлігіне басқа империяның темір тәртібін орнатты. Еуропадағы жеңіс фашизмді жойғанымен, өктемдікті жойған жоқ, - деді Буш.
Ал сенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин «орыстар - азат етушілер болды» деп атап көрсетті.