Accessibility links

И.Әл-Жафаари (Ирақ): “Ирақ үкіметі елдегі қантөгісті ауыздықтауға бар күшін салады”


БАҒДАД: Кеше Ирақтың Ұлттық ассамблеясы үкіметтегі бос қалған 6 лауазымға тағайындалған үміткерлерді мақұлдады. Мақұлданған 6 министрдің төртеуі сүннит, біреуі ғана шийт өкілі. Алайда адам құқықтары бойынша министр болып тағайындалған сүннит өкілі портфельден бас тартты. Ол діни тұрғыдан жасақталған үкіметте жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді. Премьер-министр Ибраһим Әл-Жафаари өзі бастаған үкімет елдегі қантөгісті ауыздықтауға бар күшін салады деп мәлімдеді. Соңғы күндері көтерілісшілер ұйымдастырған түрлі шабуылдан жүздеген Ирақ азаматы құрбан болды. Кеше Бағдадта Ирақ үкіметінің жоғары лауазымды өкілі мен оның көлік жүргізушісі, ал Ирақтың орталық аудандарында 3 АҚШ жауынгері қаза болды.
XS
SM
MD
LG