Accessibility links

Ирақтың жаңа үкіметіндегі вице-премьер және министр лауазымдары тағы да бос қалды


БАҒДАД: Адам құқықтары жөніндегі министрдің қызметтен бас тартуы салдарынан Ирақтың жаңа үкіметі толық жасақталмай тұр. Хишам Әш-Шибли премьер-министр Ибраһим Әл-Жафаари негізінен шийттерден жасақталған үкіметке өзін сүннит болғаны үшін ғана тағайындады деп мәлімдеп, министр портфелінен бас тартты. Жексенбі күні Ирақ парламенті – Ұлттық ассамблея – үкіметтің қалған 5 мүшесін, оның ішінде 3 сүннитті қорғаныс және өнеркәсіп министрлері және вице-премьер лауазымдарына мақұлданса, шийт өкілі мұнай министрі болып бекітілді. Үкімет құрамында 1 министр мен вице-премьердің орындары бос тұр. Соңғы күндері көтерілісшілер ұйымдастырған түрлі шабуылдан 100-деген Ирақ азаматы құрбан болды. Кеше Бағдадта Ирақ үкіметінің жоғары лауазымды өкілі мен оның көлік жүргізушісі, ал елдің орталық аудандарында 3 АҚШ жауынгері қаза болды.
XS
SM
MD
LG