Accessibility links

Дж.Буш: “Грузиядағы “Раушан төңкерісі” – Қапқаз аймағы мен бүкіл әлемге үлгі-өнеге болды”


ТБИЛИСИ. Грузияға тұңғыш сапарға келген АҚШ президенті Дж.Буш бүгін Тбилисиде грузин лидерлерімен келіссөз өткізуге тиіс. Ақ үйдің өкілі Скотт МакЛелланның хабарлауынша, Дж.Буш өз сөзінде Грузиядағы 2003 жылғы “Раушан төңкерісі” – Қапқаз аймағы мен бүкіл әлемге бостандық үшін күрестің үлгі-өнегесі болғанын ерекше атап көрсетпекші. АҚШ журналистеріне берген сұхбатында Грузия президенті М.Саакашвили Дж.Буштың бұл сапары “демократия мен тәуелсіздікке қолдау көрсеткені” деп мәлімдеді. Тбилисиде сөз сөйлегеннен соң АҚШ президенті Еуропаға 5 күндік сапарын тәмамдап Вашингтонға ұшуға тиіс.
XS
SM
MD
LG