Accessibility links

Хамид Қарзай Ауғанстанға көбірек көмек сұрады


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Еуропа Одағын және Америка Құрама Штаттарын ауған еліне көмектесетіндері жайында ұзақ мерзімді кепілдеме беруге шақырды. Кеше Страсбург қаласында Еуропа парламентінде сөйлеген Хамид Қарзай өмір деңгейі өте төмен елдердің тізімінде Ауғанстан ең соңына таман орналасқан, ауған елі қазіргіден әлдеқайда кең көмекке мұқтаж деп сипаттады:

- Алдымызда шешуін күтіп тұрған талай мәселе бар. Ауғанстан әлеуметтік дамуының көрсеткіштері әлі толық цифрге жеткен жоқ. Сәби балалар өлімінің жоғарғы көрсеткіштердің бірі Ауғанстанда. Дүниежүзі бойынша ең төмен өмір ұзақтығы көрсеткіші де Ауғанстанда.

Хамид Қарзай, сол сияқты, барлық ауған жеке әскерлері үкімет ұсынған рақымшылық шарасының талаптарына жарап тұр, бірақ Тәлібан әскерінің басшысы Мұхамед Омар молда көне қоймайтын шығар деді.
XS
SM
MD
LG