Accessibility links

Рафсанжани Ирандағы президент сайлауына түсетіні жайлы мәлімдеді


Иранның бұрынғы президенті 70-жасар Ақбар Хашеми Рафсанжани кешегі мәлімдемесінде президенттік сайлауға түсуге шешім қабылдағанын айтты. Сайлау 17-шы маусымда өтпек. Рафсанжани қазіргі билікті дағдарыстан алып қалмақпын деп отыр. Байыпты діни көзқарастағы саясаткер Рафсанжани Иран президенті қызметін 1989-1997 жылдары атқарған.

Рафсанжани Батыспен қатынасты ұлғайтты деп танылған. Иранның қазіргі президенті, байыпты реформашыл Мұхамед Хаттами президенттік қызметті екінші рет атқарып кетіп барады, заң бойынша президенттікке үшінші рет түсе алмайды. Рафсанжани Иран дамуына кедергі келтіретін ыдыратушы текетірестерге тап болып отырмыз деп ескерту айтты.
XS
SM
MD
LG