Accessibility links

Ирақ парламенті тұрақты Конституция жобасын әзірлейтін комитетті сайлады


Жоба уақытында дайындалса бүкілхалықтық референдумға биыл 15-ші қазанға таман шығарылмақ. 55 адамнан тұратын комитетті парламент депуттарының басым көпшілігі мақұлдады. Бағдад орталығында кеше екі көліктегі бомбалар жарылып, кемінде 7 адам қаза тапты, 19 адам жараланды. Олардың ішінде үш американдық сарбаз бар. Кеше, сол сияқты, қарулы адамдар Анбар провинциясының әкімі Раджа Әл-Махалавиді ұрлап кетті. Адам ұрлаушылар АҚШ әскері Қайм қаласынан шықсын деп талап қойды.
XS
SM
MD
LG