Бүгінгі конгресте партияластары оны алда болатын президент сайлауына үміткер ретінде атады. Қырғыз астанасы Бішкек қаласында өткен "Ар-намыс" партиясының конгресінде Феликс Кулов елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру ең басты мәселе болып қалып отыр, өйткені тұрақсыздық инвесторларды үркітеді деп атап көрсеткен. Кулов, сондай-ақ, алда келе жатқан президент сайлауының ашық және әділ өтуі де күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі деп атаған.
- Бұл кезеңдегі біздің міндетіміз өте айқын. Кандидаттыққа кім тіркелгені және сіздің кімге қолдау көрсетемін деп шешкеніңізге қарамай-ақ, сайлау өте әділ және ашық болуы керек, - деді Ф.Кулов
Қырғызстандағы биылғы президент сайлауына барлығы 12 үміткер тіркелді, сайлау 10 шілдеге белгіленген.