Accessibility links

Иран өзінің кейбір сезімтал ядролық қару қимылдарын қайта жаңғырту хұқы турасында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мәселе қоятындай қажеттілік жоқ дейді


Мемлекеттік БАҚ-ы Иранның вице-президенті және Атом энергиясы агенттігінің басшысы Голам Реза Агазаденің Иранның ядролық мәселесін Қауіпсіздік кеңесіне жіберудің заңды негізі жоқ деген сөздерін келтірген. Ол, сондай-ақ, бұл мерзімді басылымдардың насихаты деп атап көрсеткен.

Британия мен Франция, Германия дипломаттары ядролық кез-келген қимылды қайта бастау - Иран мен Евроодақтың келіссөздерін бастауға негіз болған, 2004 жылғы қарашадағы бұл бағыттағы істің бәрін уақытша тоқтату келісімдерін бұзған болар еді деген болатын. Мұндай жағдайда европалықтар Иранға қарсы шектеулер қою керек деп талап етіп отырған АҚШ-қа қосылуы мүмкін.

Дегенмен де Иранның жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Ага Али Мохаммеди Иран сезімтал деген ядролық кейбір қимылдарды қайта жаңғырту немесе жаңғыртпау мәселесін жұма күні шешетін болады деген еді.
XS
SM
MD
LG