Accessibility links

Бүгін Ауған полициясы АҚШ күштерінің қолдауымен Жалалабад қаласында операциялар жүргізуде


Шайқастар барысында кемінде екі адам опат болған. Ал бұрынырақ тілшілер үш адам өлді деп хабарласа, Рейтер агенттігі қаза тапқандар саны төртеу деп хабарлаған еді. Қарсыласулар кезінде 50-дей адам жараланған.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай елдегі толқулар Ауған құрылымдарының мұндай жағдайды өз күшімен басуға қабілетсіз екендігін көрсетті деген Брюсселдегі сөйлеген сөзінде. Американдық тергеушілер Гунатанамо базасындағы тұтқындарды тергеу кезінде мұсылмандардың қасиетті Құран кітабын арамдады деген хабарлар тараған соң, наразылықтардың жалғасып жатқанына екінші күн. Қарзай бұл шерулерді демократияның көріністері деп суреттеді.

- Бұл анти-американдық құбылыстар емес, бұл - Құран аяқасты болып, арамдалды деген жаңалықтарға қарсы наразылықтар. Бұл, сондай-ақ, демократияның көрініс табуы, Ауғанстан енді демократиялық мемлекет. Адамдар шерулерге шығып, өз пікірін, қарсылығын білдіре алады, - деп атап көрсетті президент Хамид Қарзай.

Сейсенбі күні шамамен 2 мыңдай студент қала көшелерінде Америкаға өлім келсін деп әндеткен.
XS
SM
MD
LG