Косово елінде үш бұрынғы албан көтерілісшісі соғыс қылмыстары үшін ұзақ жылдарға сотталды. Олар 1998-1999 жылдары Сербия қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыс кезінде адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп табылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы соты Еджуп Рунжеваны сегіз жылға кесті, Енвер Аксхами және Нухи Проволюи деген бұрынғы соғысушылар алты жылдан алды. Олар албан азаматтарын "Сербия үкіметіне сатылғандар" деп айыптап, заңсыз тұтқындаған, азаптаған деп табылды.