Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Райстың айтуынша, американдық әскерилер Қасиетті Құранды арамдаған қылмыскерлерді зерттеп тексеруде екен


Егер олардың қылмысы анықталса қатаң жазаға тартылмақ , деген Конд. Райс. Сенат тыңдаулары кезінде сөйлеп, кеше бейснбіде, Райс ханым, АҚШ ешқашан Құранды аяқ-асты етіп, бұл кітапқа құрметсіздік жасауға жол бермейді, деген

- Қасиетті Құранға арамдық, құрметсіздік болған емес, қазір де, болашақта да ондайға біз жол бермейміз. АҚШ ондай арамдықты көтере алмайды. Біз барлық ұлы діндердің қасиетті кітаптарына үлкен құрметпен қараймыз. Ал Қасиетті Құранға құрметсіздік бұл біз үшін жантүршігершілік жағдай, - деген АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Кондолиза Райс, сондай-ақ, Ньюсуик жорналында Құранның арамдалуы жөнінде хабарланғанынан кейін Ауғанстанда болған толқуларда айтылған зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы үн қатуға, барлық мұсылман қауымын өтіне шақырады.
XS
SM
MD
LG