Accessibility links

Ауғанстандағы қақтығыстарда тағы адам шығыны болды


АҚШ-тың Гуантанамо базасындағы түрме сақшылары Құран кітәбін қорлапты деген мәлімет ислам әлеміндегі ашу-ызаны ұлғайта түсті. Ауғанстанда кеше АҚШ-қа қарсы наразылық акциялары жалғасып, Бадахшан және Ғазни провинцияларында орын алған қақтығыстарда төрт адам қаза тапты деп ресми айтылды. Жаңалықтар агенттіктері жеті адам қаза тапты дейді. Наразылық митингісі Индонезияда да болды. Сауд Арабиясы үкіметі Құран кітәбі қорланды деген жағдайға қатты наразымыз деді.

Гуантанамо түрмесінде кейбір сақшылар Құран кітәбін қорлапты деген жағдай тергеліп жатыр деп АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс бейсенбі күні айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG