ТЕҺРАН. Бүгін Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің жақын кеңесшісі әрі Иран теледидарының бұрынғы басшысы Әли Лариджани (Ali Larijani) 17 маусымда өтетін кезекті президент сайлауына түсетін үміткер ретінде тіркелді. Алайда, “Рейтер” агентігінің хабарлауынша, қоғамдық сауалнама оның халық арасындағы абыройы бұрынғы президент Хашеми Рафсанджани мен бұрынғы полиция бастығы Мухаммад Бакір Қалибафтың беделінен төмен екенін көрсетіп берген. Үміткерлерді тіркеу бүгін аяқталды. Әли Лариджани – телебағдарламардан діни хабарларды тым көп берді деген айып бойынша өткен жылы теледидар басшылығынан кеткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты