Accessibility links

Ресей және Грузия әскери базалардың мәселесін шешуге ниет танытты


Ресей және Грузия осы елде қалып отырған екі орыс әскери базасын жабу жайында келіссөздерді жалғастыруға ниет танытты. Грузия парламенті Грузияда қалып отырған екі соңғы база 15-шы мамырдан кейін заңсыз деп танылсын деген. Кеше Грузия президентінің өкілі Гела Чарквиани бұл ұсыныс күшінде қалып отырса да келіссөздер жалғасып жатыр деді. Ресей сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, екі тарап даулы мәселеде шешім табуға күш салып жатыр деді. Грузия орыс базалары 2008 жылға таман жабылсын дейді. Ресей бұл шектеулі мерзімге тағы бір жыл қосқан жөн дейді.
XS
SM
MD
LG