Accessibility links

Әндіжан және Қарасу қалаларында түнде қақтығыс болған жоқ


Көтерілістер бұрқ ете түскен Өзбекстан аймақтарында түнде шамалы дәрежеде тыныш болды. Әндіжаннан соң көтерілген Қарасуда түнде қақтығыс болған жоқ. Қарасу қаласында көтерілген халық бірқатар үкімет кеңселеріне сенбі күні өрт қойды. Мұның алдында қырғыз шекарашылары жүздеген өзбекті кіргізбей қойған еді. Жұма күні көтеріліс басталған Әндіжаннан жүздеген адам босып кетті. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов алғашқы сөзінде көтерілісті – "Хизб ут-Тахрир" ұйымымен сыбайлас исламшыл жауынгерлердің қарулы көтерілісі, олар үкіметті құлатқысы келеді деп сипаттады. Өзбек үкіметі Әндіжанда бақылауды қайта орнаттық дейді. Дегенмен, сенбі күні халық жаппай көшеге шығып, үкімет жасаған зорлыққа лағнет айтты. Әскерилер қару қолданған қақтығыста қаза болғандардың саны нақты белгілі емес. Өзбекстан үкіметі 30 шақты адам өлді дейді. Куәлар және адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар 300-ден астам адам өлген көрінеді дейді.
XS
SM
MD
LG