ҚАРАСУ. Өзбекстандағы халық толқуының бәсеңдеуіне байланысты Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекара бүгін қайта ашылды. Шекара бойындағы Қарасу қаласынан біздің тілшіміздің хабарлауынша, бірнеше мың өзбек қайта ашылған шекарадан Қырғызстанға өтуге дайын тұр. Қырғыз сақшылары өздерін шекарадан өткізбей қойған соң, өзбектер сенбі күні Қарасу қаласының әкімшілігін басып алып, милиция көліктерін өртеді. Әндіжан қаласында өзбек армиясы наразылыққа шыққандарға оқ жаудырып, көп халық қырылған соң, мыңдаған адам Қырғызстанға қарай босты. Ресми Ташкенттің хабарлауынша, 30-ға жуық адам қаза болған, ал журналистердің мәлімдеуінше, 500-ге жақын адам оққа ұшқан.
Біздің тілшіміздің хабарлауынша, Әндіжан мен Қарасу қалаларындағы ахуал сабасына түсіп, қала орталықтарын армия бөлімдері күзетке алған. Әндіжандағы оқиғаны өзбек президенті И.Кәрімов алдын-ала жоспарланған “қарулы бүлік” деп бағалап, Өзбекстан үкіметін құлатуды көздейтін исламдық Хизб-ут-Таһрир тобы ұйымдастырды деп мәлімдеді.