Accessibility links

Өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Иран өкілі Еуроодақ өкілдерімен 23 мамырда кездеседі


ТЕҺРАН. Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харразидің бүгін хабарлағанындай, өзінің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді жеделдету мақсатында Иранның өкілі Хассан Роухани Германия, Франция және Ұлы Британияның сыртқы істер министрлерімен 23 мамыр күні Еуропада бас қосады. Бұл кездесу, оның айтуынша, “Еуропаның астанасы” - Брюссельде өтуге тиіс. Еуроодақ егер тесми Теһранның мәлімдегеніндей, Иран уранды байыту өндірісін қайта іске қосатын болса, Теһранмен арада 2004 жылдың қарашасында қол жеткен уағдаластық бұзылады деп мәлімдейді. Иран төтенше келіссөзге дейін халықаралық қоғамды алаңдатқан уранды байыту өндірісін әзірге іске қоспауға келісіп отыр.
XS
SM
MD
LG