СЕУЛ. 10 айлық үзілістен кейін бүгін Кәрей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Кәреяның жоғары лауазымды өкілдері екі жақты қатынасты жақсарту мәселесімен алғашқы келіссөзін өткізді. Оңтүстік Кәреяның сыртқы істер министрі Бан Ки-Мун мен АҚШ мемлекеттік хатшысының Сеулде сапарда жүрген орынбасары Кристофер Хилл бұл келіссөз ресми Пхеньянның өзінің ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөзге қайта отыруына ықпал етеді деген үміттерін білдірді. Келіссөз қарсаңында Солтүстік Кәрея ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатқан сияқты деген хабар шыққан болатын.