БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан мен Өзбекстанның ресми өкілдері Әндіжандағы қантөгістен қашып шекара арқылы Қырғызстанға өткен өзбек босқындарының жайы бойынша келіссөз өткізді. Қырғызстан шекарашыларының басшысы Мырзахан Сұбанов босқындар Әндіжандағы ахуал қалпына түскенде ғана елге қайтарылатынын мәлімдеді. Өткен жұмада Өзбекстан әскерінің Әндіжандағы көшеге шыққан халыққа оқ жаудыруының ізінше бірнеше жүз өзбек босқыны Қырғызстанға қарай қашты. Біздің тілшіміз Андрей Бабицкийдің хабарлауынша, “Әндіжанның орталығы жабық, әскер мен соғыс техникасы күзетіп тұр; қалада бірнеше күн бойы жаппай тұтқындау шарасы жүріп жатыр; адам құқын қорғаушылардың пікірінше, 1.5 мыңға жуық адам қалалық және облыстық ішкі істер басқармасына қамалған”.
М.Сұбанов (Қырғызстан): “Өзбек босқындары Әндіжандағы ахуал қалпына түскенде ғана елге қайтарылады”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес