Accessibility links

Варшавада Еуропа Кеңесінің 2 күндік форумы өту үстінде


ВАРШАВА. Польша астанасында Еуропа Кеңесінің 2 күндік форумы өту үстінде. Форумға қатысушы 46 елдің өкілдері демократияны дамыту жолындағы осы Кеңестің рөлін одан әрі нығайтудың іс жоспарын қабылдамақшы. Еуропа Кеңесінде сөйлеген сөзінде Литва президенті Валдас Адамкус Беларуссиядағы авторитарлық режимді өткір сынға алды. Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Еуропа Кеңесіне кіретін елдер үшін терроризмге қарсы күрес бірінші кезектегі міндеттердің біріне айналуға тиіс деп мәлімдеді. Осы форумға Германия канцлері, Украина мен Грузия президенттері сынды көптеген еуропалық елдің басшылары қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG