Оған салық төлеуден жалтарған, қаржылық бұрмалаушылық жасаған деген бірнеше айып тағылып отыр. Сот 1999-2000 жылдар аралығында Ходорковский мен оның әріптесі Платон Лебедев екеуі өздері бақылайтын компаниялар арқылы 606 миллион доллар салық төлеуден жалтарған деп тапты. Төреші Ирина Колесникова Ходорковский қуғында жүрген кәсіпкер Владимир Гусинскийден миллион доллар қаржыны заңсыз алып алған деп айтты.
Егер оған тағылып отырған айыптардың бәрі де дәлелденетін болса, Ходорковский 10 жылға дейін бас еркінен айырылуы мүмкін. Ходорковский Ресейдің ең ірі мұнай компаниясы - ЮКОС-тың негізін қалаған кәсіпкер.