Accessibility links

Өзбекстан бас прокуроры Қадыровтың айтуынша, шығыс аймақта апта соңында болған қақтығыстарда 169 адам қаза тапқан


Олардың 50-ден астамы шетелдік күрескерлер болған. Тәшкенде сейсенбі күні президент Кәрімовпен бірге өткен баспасөз мәслихатында бас прокурор үкіметтік күштер қатардағы азаматтарды қыруға қатыспады деген. Қадыровтың айтуынша, үкімет күштері тек қана лаңкестердің көзін жойған. Олардың екеуі - Қырғызстан азаматы екен.

Бүлікшілдер 50 адамды тұтқындап, үш әйел мен екі баланы атып өлтірген дейді Қадыров. Оның есебі бойынша, үкімет күштерінен 32 сарбаз өлтірілген.

Ал Өзбек оппозициясындағылар Әндіжан және көрші аймақтағы қақтығыстарда кемінде 750 адам құрбан болды дейді. Әзірше бұл деректерді растайтын ресми мәлімет жоқтың қасы.

Сейсенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде президент Ислам Кәрімов:

- Олар, прокурор айтқанындай, Өзбекстаннан сыртқы аймақтан қару алып келіп, милиция бекетіне, әскери бөлімшеге, базаға шабуыл жасап, 305 автомат, 4 пулемет басып алып, түрмеге шабуыл жасаса, ондағы алты жүздей тұтқынды босатып жіберсе, ол қандай бейбітшілік шеруі болғаны ? - деді.
XS
SM
MD
LG