Accessibility links

Ходорковскийдің үкімі тағы оқылмай қалды


Ресей соты ЮКОС мұнай компаниясының құрылтайшысы Михаил Ходорковский мен оның бизнес серіктесі Платон Лебедевтің істері бойынша үкімді жариялауды ертеңге қалдырды. Төреші Ирина Колесникова сот тергеуі аяқталғандағы сөзінде Ходорковский және Лебедев салықтарды төлеуден жалтарған, алаяқтық жасаған деген жеті айып бойынша кінәлі деді. Бірақ, үкім сейсенбіден бері жарияланбай келеді. Прокурор екі азаматтың әр қайсысына он жылдан сұрады. Ходорковский және Лебедев айыпты емеспіз, саяси себептерден қудаланып отырмыз дейді.
XS
SM
MD
LG