Қырғызстан шекара басшылығы қырғыз-өзбек шекарасында бүгін араңдату әрекеті жасалды деп жариялады. Шекарадағы өзбек қаласы Қарасуда бір азамат елге қайырылып, Қырғызстан жағына жаппай өтуге шақырды, қырғыз шекарашылары құжат тексермесін деп талап қойды. Қырғызстан ресми орны бұл азамат әсіре исламшыл топтың бастығы Ділмұрат Тәжібаев болды деп жариялады. Қырғыз сақшылары шекараны заңсыз өтпек болған 15 азаматты өзбек орындарына тапсырдық деп жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі