Accessibility links

Бағдадта полиция басшысы өлтірілді


Бағдадта бүгін ішкі істер министрлігі қылмыс барлау департаментінің басшысы, генерал Ибрағим Хамас өлтірілді. Жауапкершілікті "Әл-Қаида" ұйымының Ирақтағы бөлімшесі мойнына алды. Бүгін сол сияқты жеті ирақтық түркімен азаматының мүрделері табылды. Олар Фаллуджа қаласының маңында күзет керуеніне шабуыл жасалғанда бұдан бұрын өлтірілген болатын. Бақұба қаласында автокөлікке қойылған бомба жарылып, 14 адам жараланды. Ирақта өткен айда жаңа үкімет құрылғалы бері күшейтілген шабуылдардың салдарынан ұзын саны 500-ге жұық адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG