Accessibility links

Әндіжан оқиғасы тәуелсіз жолмен тергелсін дейді Еуропа Одағы


Өзбекстандағы оқиғаларды тәуелсіз комиссия арқылы тергеу керек деген талаптарға бүгін Еуропа Одағы сыртқы қатынастар үйлестірушісі Ферреро Уалднер қосылды. Одан бұрын мұндай үндеуді АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс айтқан болатын. Ферреро Уалднер бұл талабын Брюссельде өткен жиында айтты:

- Министр Райстың тәуелсіз тергеу жасалу керек деген талабына қосыламын. Бұл өте маңызды шаруа деп ойлаймын. Себебі, Өзбекстанда не болғанын нақты білуіміз керек. Біздің реакциямыз мұндай жағдайда ғана объективті және дұрыс болады.

Ферреро Уалднер Әндіжанға бүгін таңертең кеткен Еуропа Одағы дипломаттарының баяндамаларын күтіп отырмын, оларға қанды қырғын болды деген жерді көруді рұқсат берілмегені өкінішті-ақ деді.
XS
SM
MD
LG