Accessibility links

Н.Бурджаназде (Грузия): “Беларусь парламенті спикерінің Абхазияға сапары Грузияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіру болып табылады”


ТБИЛИСИ. Бүгін Грузия парламентінің төрайымы Нино Бурджаназде Беларусь парламенті спикерінің Абхазияға сапарына наразылық білдіріп, сапарды Грузияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіру деп бағалады.

- Мұндай қадамдар өркениетке, демократия мен адамзаттың негізгі құндылықтарына қайшы келеді және бірде-бір елге немесе үкіметке пайда берген емес. Бұл, сонымен қатар, Беларуссияға да абырой әпермейді, - деп мәлімдеді Н.Бурджанадзе.

Абхазия баспасөзінің бүгін хабарлағанындай, Абхазия басшылығымен келіссөз өткізу үшін Беларусь парламентінің спикері бастаған 70 кісілік делегация жексенбі күні Сухумиге келіп қайтты.
XS
SM
MD
LG