Accessibility links

Ирақтың жаңа үкіңметі жасақталған сәуір айынан бері елде 500-ден көп адам қаза болды


БАҒДАД. Ирақтағы үдей түскен қантөгістің соңында атышулы экстремист Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи тұр деп мәлімдеді АҚШ армиясының жоғары шенді өкілі. Оның айтуынша, шабуылды үдету бұйрығын Әз-Зарқауи сәуір айында беріп, Ирақтың жаңа үкіметі жасақталғаннан бері елде 500-ден аса адам құрбан болды, оның ішінде бүгін Бағдадта ішкі істер министрлігінің генералы оққа ұшты. Рамади қаласының іргесінде тосын шабуылға тап болып тұтқынға түскен 7 Ирақ азаматының мәйіті табылды. Байджи қаласындағы жарылыстан бүгін 2 полицей мерт болды.
XS
SM
MD
LG