ТЕЛЬ-АВИВ. Бүгін Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз Газа аймағынан еврей қоныстарын атқылап жатқан палестиндік экстремистердің көзін жою үшін армияға өзінің жарағындағы бар қаруды қолдануға пайдалануға бұйрық етті. Бұл бұйрық Газа аймағы мен Израиль шекарасына жақын орналасқан еврей қоныстарын 2 күн бойы атқылауға байланысты беріліп отыр. Осы күні, сондай-ақ, Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббас Пәкістан президенті Первез Мушаррафпен Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөз бен екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылау үшін Исламабадқа келді. Азия елдеріне алғаш сапарының барысында Палестина лидері Исламабадтың алдында Пекинде сапарда болып қайтты. БҰҰ-ы Израиль мен Палестина арасындағы қантөгіс қайта өршіп, екі арадағы бітімнің бұзылу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.