Accessibility links

Иран президенті мен оның ядролық бағдарлама бойынша келіссөздегі ресми өкілі неге бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер айтады?


ТЕҺРАН. Бүгін Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздегі өкілі Хуссеин Мусавиан осы мәселе тіпті БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілетін болса да, Теһран өзінің ядролық бағдарламасын міндетті түрде іске қайта қосады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, бір жағынан Иран, екінші жақтан Ұлы Британия, Германия және Франция қатысатын алдағы аптаға жоспарланған келіссөздің болмауы ықтимал. Мусавианның бұл мәлімдемесі Иран президенті Мухаммад Хатамидің келіссөз жоспарланған 24 мамырда өтеді деген бүгінгі сөзіне қарама-қайшы келеді.
XS
SM
MD
LG