Accessibility links

Қырғызстан өзбек босқындарының бәріне саяси баспана бермейді


БІШКЕК. Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мирослав Ниязов бүгін Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы жағдай тыныш деп хабарлады. Бірақ, Ниязов өзбек босқындарының Өзбекстан үкіметіне тапсырылғаны жөнінде мәліметті растаған да, жоққа шығарған да жоқ. Ал «Интерфакс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан 13-ші мамырдан бері 84 өзбекстандықты кері қайтарған. Хабарланғанындай, бүгін Қырғыз президентінің өкілі Алмамбет Матубраимов Өзбекстандағы толқулардан кейін Қырғызстанға босып кеткендердің бәріне саяси баспана берілмейді деп мәлімдеді. Босқындардың кейбірі саяси баспанаға ие болу талаптарына сәйкес келмейді деді Матубраимов.
XS
SM
MD
LG