БАҒДАД. Ресмилердің хабарлауынша, бүгін Ирақтың сауда министрлігінің жоғары лауазымды өкілі оққа ұшқан. Бүлікшілдер сондай-ақ Әли Мұса Салманның жүргізушісін өлтірген. Жарақат алғандар да бар. Соңғы кездері, Бағдадта үкімет өкілдеріне жиі шабуыл жасалуда.