ТЕҺРАН. Ирандағы “Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі” 17 маусымда өтетін кезекті президент сайлауына түсетін 1 мыңға жуық үміткердің алтауын ғана жіберетін болып шешті. Оның ішінде Иранның қадағалаушы кертартпа (консервативтік) мекемесі елдегі ең ірі реформашыл партияның үміткері Мұстафа Мойнның сайлауға үміткер болып түсуіне рұқсат бермеді. Өз кезегінде аталмыш партия егер Кеңес өз шешімін өзгертпейтін болса, президент сайлауына байкот жариялайтынын мәлімдеді. Өткен жылы “Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі” 2.5 мыңға жуық реформашыл үміткерді парламент сайлауынан аластатқан болатын.
“Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі” кезекті президент сайлауына түсетін 1 мыңға жуық үміткердің 6-ын ғана жіберетін болып шешті
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?