ТАШКЕНТ. Кеше Өзбекстан премьер-министрі 13-інші мамырда үкімет армиясының атқылауынан 1 мыңға жуық халық қырылған Әндіжан қаласында болып, жергілікті билік өкілдерімен қаладағы ахуалды талқылады. Наманған қаласында Әндіжандағы құрбандарды аза тұту мен ресми биліктің іс-әрекетіне наразылық білдіріп аштық жарияланған жергілікті белсенді Сәбетхан Ұстабаевты милиция қамауға алды. Онымен қарама-қатар Өзбекстанның мемлекеттік теледидары Әндіжандағы қантөгіске тәуелсіз тергеу жүргізу туралы халықаралық қоғамның талабына қарсы қоғамдық пікір туғызуға тырысып жатыр. Белградта Еуропаның даму және қайта құру банкінің президенті Жан Лемьер Өзбекстан үкіметінің бейбіт халықты қыруына өз наразылығын білдірді. Өткен жылы Еуропаның осы қаржы институты адам құқықтарының ахуалына наразылық ретінде өзбек үкіметіне бөлетін несиесінің басым бөлігін бермей қойған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі