Accessibility links

Қырғызстан неге өзбек босқындарының барлығына түгел саяси баспана бермейді?


БІШКЕК. Кеше Қырғызстан үкіметі таяудағы халық толқуынан кейін Өзбекстаннан босып келгендердің барлығына түгел саяси баспана бермейтінін мәлімдеді. Қырғыз президентінің өкілі Алмамбат Матұбраимовтың кеше хабарлағанындай, босқындардың басым көпшілігі саяси баспана беру туралы заңның ережелеріне сәйкес келмейді. Оның атап көрсетуінше, ондай босқындар Өзбекстанға кейін қайтарылады. Сонымен бірге А.Мұтабраимов 10-даған босқынның өзбек жағына беріліп қойғанын жоққа шығарды. Қырғызстанның адам құқықтары бойынша өкілетті өкілі Тұрсынбек Бәкірұлы отанына қайтарылған босқындардың көпшілігі Өзбекстанда ауыр жазаға тартылуы мүмкін деп ескертіп, қырғыз үкіметін оларға түгел саяси баспана беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG