УЛАН-БАТОР. Моңғолияның бұрынғы коммунистік, қазіргі халықтық-төңкеріс партиясының өкілі, бұрынғы премьер-министр Намбар Энхбаяр кеше болып өткен президент сайлауында жеңіске жетті. Ұлттық телеарнадан сөйлеген сөзінде ол Демократиялық партиядан дауысқа түскен негізгі бақталасы Меңхсайхан Еңхсайхан телефон соғып, өзінің жеңілгенін мойындады деп мәлімдеді. Энхбаярдың партиясы сайлауда 50 пайыз дауыс алған. Сайлаудың бастапқы қорытындысы бірнеше сағаттың ішінде жариялануға тиіс. Моңғолияның қазіргі президенті Нацагийн Багабанди – мемлекет басшылығына екі рет сайланып, конституция бойынша үшінші мерзімге сайлана алмайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"