Accessibility links

Ауғанстан президенті Дж.Буштан ауған тұтқындарын елге қайтаруды талап етпекші


ВАШИНГТОН. Бүгін Вашингтонда АҚШ пен Ауғанстан президенттері Дж.Буш пен Хамид Қарзайдың өзара келіссөзі өтуге тиіс. Оның барысында Х.Қарзай тұтқында отырған ауғандықтарды АҚШ жауынгерлерінің қорлап-жәбірлегені туралы “Нью-Йорк Таймс” газетінде шыққан хабарға алаңдайтынын білдіріп, барлық ауған тұтқынын Ауғанстанға қайтаруын талап етпекші. АҚШ-қа сапары қарсаңында Х.Қарзай өзі бастаған Ауғанстан үкіметінің есірткі саудасына қарсы күреске жеткілікті көңіл бөлмей отыр деген сыни пікірлерді жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG