Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, адам құқықтарын қорғау салысындағы 2006-2010 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспар жобасын дайындауға барлық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстандағы халықаралық ұйымдар өкілдері қатыстырылуда. Аталған жоспарда негізінен мемлекеттік органдар мен барлық үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп адам құқықтарын қорғауды одан әрі жақсартудағы жұмысын үйлестіру көзделіп, адам құқықтарын қорғаудың әр саласы қамтылмақ екен.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының адам құқықтары жөніндегі жобасының Қазақстандағы үйлестірушісі Лейла Байшинаның айтуынша, өткен жылдың соңында Адам құқықтары жөніндегі комиссия президент әкімшілігінің арнайы қолдауымен БҰҰ-ның даму бағдарламасына адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық жоспарды әзірлеуге көмек көрсетуді сұраған ресми өтініш түсірген. Байшина ханым халықаралық ұйымдар тарапынан сарашылардың, консультанттардың ұсынымдар беруге қолдау көрсете алатынын айтады.
Ал, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының басшысы Ивар Викки мырза адам құқықтарын қорғау саласындағы барлық институттарға көмек, қолдау көрсетуге сендіреді және адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары дайындығының басталуына қолдау танытатындарын, сондай-ақ, кеңес және халықаралық сараптамалық бағамен қамтамасыз етуге қашан да дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.
Қазақстан Кәсіподақтар ұйымы федерациясы төрағасының орынбасары Леонид Мартынов елдегі экономикалық жағдайдағы оң ахуалмен азаматтар жағдайы жақсарғанын, алайда, азаматтардың еңбекке құқығында, табысты еңбекақы алуында заң бұзушылықтардың етек алуын атайды.
- Тек мемлекеттік инспекторлар өткен жылы 130 мың заң бұзу оқиғаларын анықтады дейді, - ол.
Ал, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Райса Юрченко анықтау және алдын ала тергеуде кейде заңда қаралмаған қысымдардың жасалатынын, мұндай тәжірибенің алдын ала тергеу органдарынан жойылуы керектігіне маңыз аударып отыр.
Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, кейбір мемлекеттік органдар азаматтардың арыз-шағымына дер кезінде қарамайды немесе немқұрайлы қарайды дегенді айтты.