ДУБЛИН. Ирландия астанасы – Дублин қаласының іргесінде мектеп оқушыларын таситын автобустың апатынан жасөспірім 5 оқушы қыз қаза болды. Жарақат алған балалар да бар. Сабақтан кейін 50 оқушы отырып келе жатқан автобус 2 автокөлікпен қақтығысып қалып, арыққа құлап төңкерілді. Жарақат алғандарға дәрігерлік көмек көрсетілуде.