ТЕҺРАН. Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хоменеи “Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесіне” 2 реформашыл үміткер - қазіргі вице-президенті Мухсен Меһр Әлизаде мен ең ірі реформашыл партияның үміткері Мұстафа Моинды президент сайлауынан аластатқан шешімін қайта қарау туралы бұйрық берді. Аталмыш Кеңес 1 мыңға жуық үміткердің алтауын ғана мақұлдап, оның ішінде осы 2 үміткерді сайлаудан аластатқан болатын. Өз кезегінде М.Моин егер аталмыш Кеңес шешімін қайта қарамайтын болса, 17 маусым күні өтетін президент сайлауына байкот жариялайтынын мәлімдеді. Кеше кешкісін Теһран университетінің 150-дей студенті “Ислам төңкерісі сақшылары Кеңесінің” шешіміне қарсылық білдірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?