Accessibility links

Бірнеше дүркін шабуылдан Ирақта кем дегенде 50 адам қаза болып, 150-ге жуық кісі, оның ішінде 4 АҚШ жауынгері жараланды


БАҒДАД. Ирақта бірнеше дүркін террористік шабуылдан кем дегенде 50 адам опат болды. Кеше кешкісін бомба орнатылған 2 автокөліктің жарылысынан Таль-Афар қаласында ең азы 30 адам қаза болып, 20-дан аса кісі жараланды, Бағдадта кем дегенде 4 кісі дәл осындай қастандықтың құрбаны болып, 100-ден аса адам жараланды, Әл-Махмудия қаласындағы мешітте болған жарылыстан кем дегенде 10 адам опат болып, тағы 30-дай кісі жараланды. Дүйсенбі күні Бағдадта Ирақтың партизандарға қарсы күрес басқармасының жаңа жетекшісі мен оның көлік жүргізушісін атып кетті. Бұл қастандықты Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің тобы өз жауапкершілігіне алды. Ас-Самарра қаласында АҚШ-тың 4 жауынгері жараланды. Терроризмге қарсы шайқас барысында 300-ге жуық партизан қолға түсті.
XS
SM
MD
LG